АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Бейсенбі, 12 Қыркүйек 2019 03:53

ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың «Сындарлы қоғам диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру бойынша «Отан бірлігі» БПҰ жиналысы өтті

2019 жылдың 11 қыркүйегінде Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде ҚР Президенті Қасым Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғам диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру бойынша «Отан бірлігі» БПҰ жиналысы өтті.

          Президенттің Жолдауы қоғамға бағытталған көптеген бағдарламалық құжаттардың арасында жыл сайын ерекше орын алады. Биылғы Жолдауда ерекше орын алатын жайт, ол қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсартудың нақты бағдарламасы айтылғаны. Осы Жолдау арқылы әлеуметтік саясаттағы мәселелерді шешу, өмір сүру сапасын жақсарту арқылы Адамға қамқорлық жасау басты мәселе болып табылады.

           Жиналыста ҚР Президентінің Жолдауында айтылған негізгі бағыттары туралы «Nur Otan» партиясының Ақмола облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бекмағамбетов Ғалым Мадешұлы түсінік берді.

Шайхина Г.Ж.