АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сәрсенбі, 04 Қыркүйек 2019 04:51

«Адалдық сағат» тақырыбына бірыңғай кураторлық сағаты өткізілді

03.09.2019ж. НО-12 С тобының кураторы Есентаева Нуругль Канатаевна Жалпыреспубликалық бірыңғай «Адалдық сағатын» өткізді.           

Өткен шарада 1 курс студенттері белсенділік көрсетті.           

Әңгіменің басты мақсаты: жас буынның рухани болмысын бекітіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру.           

Сабақ барысында келесі сұрақтар қозғалды:

-Адалдық – адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. "Адалдық” деген сөз шыншылдық, айнымастық, шын берілгендік сияқты игі қасиеттерді еске салады. Қазақ пайымында адам бойында адалдық - пәктік, ар-ұждан, жан тазалығы тәрізді т.б. асыл қасиеттердің жиынтығынан тұрады. 

-Шыншылдық, турашылдық –өлмес рух пен арлылықтың, адалдықтың алғышарты. Кез келген халықтың моральдық қағидасы – осылай.

-Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – күн тәртібіндегі басты мәселе.

-Білім бері жүйесінде сыбайлас жемқорлықты жою, білім беру жүйесі арқылы сыбайлас жемқорлықтан бас тарту ортасын қалыптастыру.    

-4 негізгі құндылық: адалдық, парасаттылық, әділдік, сенім.           

Сондықтан біздің колледж студенттері  үшін адалдық пен әдептілік - бұл өмірлік ұстанымымдары болып табылады. 

Есентаева Н.К.