АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сәрсенбі, 24 Ақпан 2016 00:00

Жас оқытушылар мектебі

     Жас педагогқа жаңа кәсіби шарттарға бейімделу кезеңінде «Жас оқытушылар мектебі» қолдау көрсетеді. Мектептің мақсаты- жас оқытушылар мен тәжірибесі аз оқытушыларға психологиялық- педагогикалық әдебиетті оқып білуде, дәстүрлі және дәстүрлі емес оқыту технологияларды танып білуде, сабақтың жоспарын құруда іскерліктер мен дағдыларын жетілдіру, сабаққа өзара қатысу арқылы сабақты талдауда әдістемелік көмек көрсету.

     Оқу үрдісін жетілдіру жүйесінде жас оқытушыларға әдістемелік көмек көрсету ерекше орын алады.

     12- қаңтарда филологиялық- педагогикалық ПӘБ-нің орыс тілі және әдебиеті пәнінің жоғары санатты оқытушысы Герасимова Лариса Анатольевна жас оқытушыларға арналған «Оқытудың белсенді формалары» атты дәріс өткізді.

     Өткізілген сабақ мақсаты: өзара оқыту арқылы оқытудың тиімді технологияларын анықтау, оқыту үрдісінде практикалық  іскерліктер мен дағдыларға ие болуда негіз болатын теориялық және практикалық мәліметтер беру.

     Жоғарыда айтылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылды: партисипаторлық әдістерді қолдана отырып:

-ұйымдастырушылық- әрекеттік ойын;

-«ми шабуылы»;

-әр түрлі жаттығулар;

-мини- дәрістер;

-бар тәжірибені талдау.

     Жас оқытушылар топтарда жұмыс істеді: «ми шабуылына» қатысты, әр түрлі жаттығуларды орындады, мини- дәрістерді оқыды, анкета толтырды.

     Сабақты қорытындылай келе жас оқытушылар педагог қандай қасиеттерге ие болуы керек екендігін көрсететін педагог моделін жасады.

Анисова А.С.