АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Бейсенбі, 16 Мамыр 2019 11:01

Отбасы құндылықтары

ЖББ-11 тобының  кураторы Нурсеитова Р.З  15.05.19 күні «Отбасы құндылықтары» атты  куратор сағатын өткізді.  «Сәлемдесу» жаттығуында әр түсті алақандармен әр түрлі ұлт өкілдері  сәлемдесулерін көрсетті.  Білімалушыларға алдын-ала дайындалған отбасылық құндылықтар жазылған карточкалар таратылып беріледі. Оларды  ағаштың тамырына, діңіне, бұтақтарына орналастыру керек.  Тапсырмада ағаштың тамыры сіздің ең негізгі отбасылық құндылық болып есептеледі, ағаштың діңіне орташа құндылықтарды, ал бұтақтарына отбасыңызға маңызды бірақ, қатты қолданбайтын, көп көңіл аудармайтын құндылықтарды орналастырып шығу керек. Берілген жұмысты әр топ өз ойларын ортаға салып, ақылдасып, ортақ шешімге тез келіп, қызығушылықпен жазып шықты.

Куратор сағаты өте тартымды және қызығушылықпен өтті.

Нурсеитова Райхан Зайнулкабиденовна