АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Бейсенбі, 16 Мамыр 2019 04:57

«Жас Сарбаз» әскери – спорттық ойындар

Красный Яр ауылында РМҚК Щучинск филиалы «Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігінің әскери-техникалық мектебінің» полигоны базасында мамырдың 15-16 аралығында Көкшетау қаласының жалпы білім беру мектептерінің және колледждерінің оқушылары арасында Ауған жерінен Кеңес әскерінің шығарғанына 30 жыл толуына орай «Жас Сарбаз» әскери-спорттық ойындары  өткізілді. Жарыстарға сегіз колледжінің командалары қатысты

Азаматтық қорғаныс жоғары көппсалалы колледжі студенттерінің құрамасы жақсы нәтижелерге жетті. «Жас Сарбаз» әскери – спорттық ойындарында құрама: пневматикалық винтовкадан ату - III орын, Жалпы әскери толым нормативтерін орындау – II орын, эстафета бойынша – IІ орын, АК-74 шашу және жинақтау – II орын, айналып жүгіру бойынша – II орын, жалпы топпен ІІ орынға ие болды. Жабылу шарасында «Ұлан» әскери – патриоттық клубының мүшелері кубок пен және  грамоталармен марапатталды.

Доскарин Е.Д.