АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ
КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ

Экономика, тарих, құқықтану пәндік-циклдік комиссиясы

Экономика, тарих, құқықтану  пәндік-циклдік комиссиясы      

«Экономика, тарих, құқықтану»  пәндік-циклдік комиссиясы  үш мамандықтар бойынша мамандарды даярлауды жүзеге асырады: «0201000 – Құқықтану», « 0518000 – Есеп және  аудит», «1508000- Орман шаруашылығы»,  ҚР Білім министрлігінің берген лицензиясына сәйкес.  Азаматтық қорғаныс көпсалалы колледжі пәндік-циклдік комиссия төрағасы   Нурбикенова Гульназ Жанабаевна.

ПЦК оқытушыларының құрамы:

Экономика, тарих, құқықтану  пәндік-циклдік комиссиясы штатында 15оқытушы бар: 2 оқытушы әкімшілік қызметте  Козганова У.К.  – директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, Актаев А.Ж. –  директордың оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары.

«Экономика, тарих, құқықтану»  пәндік-циклдік комиссиясында  үш оқытушысында бірінші санаттағы бес оқытушы  Козганова У.К., Омиралина М.К., Кульмаганбетов Е.Е., Актаев А.Ж., Ахметов Т.Ж.,  екінші санаттағы үш оқытушы Жаркина М.А., Кайникенова А.Б.

ПЦК әдістемелік мәселелері:

Пәндік –циклдік комиссиясының әдістемелік мәселелесі инновациялық технологияларды қолдану болып табылады.

ПЦК мақсаттары мен міндеттері:

- мамандықтар бойынша  оқу-бағдарламалық және оқу пәндерін оқу-әдістемелік қамту;
- жалпы және кәсіби құзырлылығын қалыптастыруды қамтамасыз ететін жұмыс жүйесін модельдеу;
- педагогикалық қызметкерлердің кәсіби деңгейін жетілдіру;
- білім беру үдерісінде инновациялық педагогикалық және ақпараттық технологияларды іске асыру;
- озық педагогикалық тәжірибелерді тарату және зерделеу,  жаңа бастаған мұғалімдерге педагогикалық шеберлікті меңгеруіне көмек көрсету

Оқытушының әдістемелік мәселелерімен оқытушылар 2012 жылдан бастап айналысады, инновациялық технологияларды тиімді қолдану әдістемесін  теориялық зерттеуде, әдістемелік баяндамалар жазады, оларды тәжірибе түрінде сабақтарды тиімді қоладанды.

ПЦК ғылыми қызметінің бағыттары:

1. Білім алушының зерттеу қызметін жетілдіру;

2. Әр түрлі деңгейдегі әдістемелік іс-шаралармен сайыстарға қатысу үшін құжаттарды даярлау;

3. Жаңа оқыту технологиясына көшу,жаңа әдістемелермен танысу,озық педагогикалық тәжірибені зерттеу.

4. Педагогтың кәсіби деңгейін жетілдіруде іс-шараларды ұйымдастыру.

Пәндік-циклдік комиссия оқытушылары жыл сайын әр түрлі деңгейдегі  жинақтарда, ғылыми-әдістемелік журналдар мен газеттерде  өздерінің мақалаларын жариялап тұрады.

Пәндік-циклдік комиссия оқытушыларымен Экономика, тарих, құқықтанудан іс-шаралар: пәндік  олимпиадалар, сайыстар, интеллектуалдық олимпиадалар, кездесулер өткізіліп тұрады. Білім алушылар оқытушылардың жетекшілігмен Ақмола облысы және Көкшетау қаласы бойынша өтіліп отыратын студенттік ғылыми конференцияларға белсенді қатысады.

Білім алушылар  цикл оқытушыларымен бірлесе отырып,Ақмола облысы мен Көкшетау қалаларының колледждерінде өтілетін студенттік ғылыми конференцияларға белсенді қатысып келеді.

Биылғы жылы орта және кәсіптік білім беру бойынша «Өрт қауіпсіздігі» мамандығының 2 курс білім алушысы Есиркепов К (оқытушысы Кульмагамбетов Е.Е) облыстық олимпиадада жүлделі 3- орынды жеңіп алды.

«Төтенше жағдайларда қорғау» мамандығының 2-курс білім алушылары Каренеев А., Халмырзаев Б, Оралов С., «Алаш» партиясының 100-жылдығына орайластырылған қалалық олимпиадаға қатысып, жалпыкомандалық 2-орынды иеленді (оқытушы Кульмагамбетов Е.Е.). Оқытушылар мен білім алушылардың қалалық және  республикалық деңгейдегі іс-шараларына қатысу арқылы үнемі колледжде педагогикалық білім беруді жаңғыртып, қазіргі ғылыми-әдістемелік білімді меңгере алады.

Экономика, тарих, құқықтану  пәндік-циклдік комиссиясы  оқытушыларының шығармашылық, ынталы ұжымы өзінің күнделікті адал еңбегімен оқу орнымыздың беделін асқақтатуға тырысып, жұмыс жасауда.