АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ

Колледждің тарихы

Колледждің тарихы 2004 жылдың Көкшетау университетінің жанынан ашылуымен басталады. Дайындық үш мамандық бойынша: " Мемлекеттік тілде емес мектептердегі Қазақ тілі және әдебиеті", " Орман шаруашылығын ұйымдастыру", "Экономика, бухгалтерлік есеп аудит (салалар бойынша)" жүргізілді.2005-2006 оқу жылында 6 мамандық ашу туралы лицензия алынды: "Дене тәрбиесі", " Тіршілік қауіпсіздігі негіздері және валеология ", " Бастауыш сыныптарда сабақ беру", "Дизайн", " Бейнелеу өнері және сызу ", "Құқықтану".

2009 жылдан бастап " Төтенше жағдайларда қорғау( бейіні бойынша)" мамандығы ашылды, 2011жылы  – "Өрт қауіпсіздігі", " Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту", " Ақпараттық жүйелер (қолдану бойынша)", " Бастауыш білім беру біліктілігі (өзін-өзі тану мұғалімі)", "Экономика (салалар бойынша)".      

2006 жылы "Экономика, бухгалтерлік есеп және аудит (салалар бойынша)» мамандығы бойынша алғашқы түлектер шығарылды. 2008 және 2013жылдары колледж мемлекеттік аттестациядан сәтті  өтті .  

2015 жылы «Көкше» Академиясы жанындағы колледж  азаматтық қорғаныс көпсалалы колледжі болып қайта құрылды.

ТЖ бейінді мамандықтарды дайындау бойынша колледжде  қайта ұйымдастыру процесі кезең-кезеңмен 2009 жылдан бастап жүргізілді. Колледжде ТЖ мамандықтарының  ашылуына бастамашы болған,  мемлекеттік емес өртке қарсы және апаттық-құтқару қызметіне кадрларды даярлау жүйесін құру үшін тікелей мүдделі болған "Өрт сөндіруші"АҚ. 

Мемлекеттік емес өртке қарсы және апаттық-құтқару жұмыстарына кәсіби даярлау жүйесін қалыптастыру үшін  Көкше Академиясы  мен "Өрт сөндіруші"АҚ арасында өзара тығыз қарым-қатынас жүргізілді.

Азаматтық қорғаныс көпсалалы колледжі ҚР БҒМ лицензиясы негізінде жұмыс істейді.  Білім алушылардың оқу-тәрбие процесінің талаптарына сәйкес  оқуын, тұруы және бос уақытын пайдалану үшін қажетті материалдық-техникалық базамен қамтамасыз етеді.

Колледждің меншігінде Көкшетау қаласында орналасқан 3 жылжымайтын мүлік нысаны бар .   

Негізгі оқу ғимараты 5- қабатты: аудиториялар, компьютерлік сыныптар, кітапхана, медициналық пункт,асхана.

Колледж аумағында тәжірибелік дағдыларды жетілдіру  үшін өрт сөндіру және апаттық-құтқару  бөлімі бойынша заманауи техникамен жабдықталған жеке оқу ғимараты  салынды. Өрт сөндірушілер, құтқарушылармен газ-түтіннен қорғаушыларды дайындау барысында  оқу сабақтарын өткізу үшін модульдік үлгідегі  спорттық-жаттығу кешені орнатылды.

Білім алушыларға студенттік үй мен жатаханадан орын беріледі.