АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ

«Мен мемлекеттік тілде сөйлеймін» клубы

Сіздерді «Мен мемлекеттік тілде сөйлеймін» атты АҚЖКК студенттері арасында мемлекеттік тілді меңгеруге арналған клуб мүшесі болуға шақырамыз.Тіркеу орны: №1 оқу ғимараты, 3 қабат, 324 каб.АҚЖКК педагогикалық шеберлік орталығы

Жалпы колледждік ата-аналар жиналысы

ZOOM платформасында «Студенттердің құқықтық түсінігі мен құқықтық мәдениетін дамыту» тақырыбында бейімделу кезеңінің қорытындысы бойынша жалпы колледждік ата-аналар жиналысы өтті. Бұл жиналыста колледж директоры Тюлебаев А.Ж., директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Шайхина Г.Ж., Көкшетау қ. ПБ ЖПҚБ ЮПБ полиция майоры Кошкенова…

Құттықтаймыз!

2022 жылғы 3-4 қараша аралығында Көкшетау қаласында «Сұңқар» қалалық спартакиадасы аясында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының 9 командасы арасында үстел теннисінен жарыс өтті. АҚЖКК командасы бұл жарыста 2 орынды иеленді. Құттықтаймыз!

Тренинг

2022 жылғы 3 қарашада Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің педагог-психологы Мазбаева Г.А. колледж оқытушыларымен «Оқытушылардың эмоционалды шаршауын алдын алу» тақырыбында тренинг өткізді.Бұл тренингтің мақсаты мұғалімдердің психологиялық денсаулығын сақтау және нығайту, психоэмоционалды жағдайларды реттеу дағдыларын қалыптастыру, педагогикалық қызметте эмоционалды шаршауды алдын…

Жайдарман іріктеу турын

2022 жылғы 4 қарашада Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің №2 оқу ғимаратында АҚЖКК Студенттік Парламенті «Жайдарман іріктеу турын» ұйымдастырды. Іс-шараға келесі командалар қатысты: ПБ-22 тобының командасы. ТЖ-21 тобының командасы. ЧС-22 тобының командасы. ӨҚ-21 тобының командасы. ЧС-32 тобының командасы. ТЖ-31 тобының…

Драма театрына бару

2022 жылғы 2 қарашада АҚЖКК ПБ-12А және ТЖ-11А топтарының білім алушылары кураторлар Сарсенбаева Р.А. және Рахметова Р.З. басшылығымен Шахмет Құсайынов атындағы Облыстық қазақ музыкалық-драма театрына барып, «Өмір деген осы ма?» спектаклін тамашалады. Бұл қойылымда ата-аналарға қатысты білдірілуі қажет рухани-адамгершілік қасиеттердің…

Құттықтаймыз!

2022 жылдың 25-30 қазан аралығында Ақтөбе қаласында 60 кг салмақ дәрежесінде ересектер арасында бокстан Халықаралық турнир өтті. Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің, «Төтенше жағдайда қорғау» мамандығының, ЧС-32Д тобының студенті Мусинов Чингиз 1-ші орынды иеленді. Оған «Спорт шебері» атағы берілді. Студентімізді…

Жайдарман іріктеу туры

2022 жылғы 1 қарашада Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде колледждің Студенттік Парламенті «Жайдарман іріктеу турын» ұйымдастырды. Кештің тақырыбы – «Студенттік күндер». Іс-шараға келесі командалар қатысты: БББПА-11 тобының командасы. ДТ-11 тобының командасы. ЖББ-31 тобының командасы. ТЖ-11В тобының командасы. ДТ-21 тобының командасы.…

Тренинг

2022 жылғы 31 қазанда Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде ЖІК төрайымы Мерк Ангелина Борисовна және педагог-психолог Мазбаева Гульден Амантаевна бірінші курс старосталарымен әңгімелесу және ұжымды біріктіруге арналған тренинг өткізді.Әр староста топтағы студенттермен атқаратын жұмысы туралы айтты. Өз тәжірибесімен және жетістіктерімен…

Ашық кураторлық сағат

2022 жылғы 31 қазанда Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде куратор, педагог-сарапшы санатындағы физика пәнінің оқытушысы Кайнетов Амантай Серикович ЧС-22А және ЧС-22С топтарының студенттерімен бірлесіп «Алтын күз» тақырыбында ашық кураторлық сағат ұйымдастырды. Ұйымдастырушылар шығармашылық нөмірлер, көріністер, сондай-ақ көрермендерге арналған викторина дайындады.